- 2024-2025 оқу жылында "Біртұтас тәрбие"бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру. "Біртұтас тәрбие" бірыңғай тәрбие бағдарламасының мақсаты: қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты, ар-ожданды, рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңірген үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру. Бағдарламаның міндеттері: рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу; табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту: өз елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімі; отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыру; бағдарламаның мазмұны білім алушыларда құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі түрде ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары және сыныптан тыс іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Үкіатқан бастауыш мектебі" КММ
КГУ "Укатканская начальная школа отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|