Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Үкіатқан бастауыш мектебі" КММ
КГУ "Укатканская начальная школа отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
28
апреля
2025
|
Үкіатқан бастауыш мектебінде 2024-2025 оқу жылында "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жоспары бойынша 18 ақпанда 2025 ж мектепте "Логикалық ойлауды үйрету" тақырыбында ата-аналарға арналған арнайы сабақ өткізілді.
28
апреля
2025
|
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” бойынша жүргізілген іс-шара.
Үкіатқан бастауыш мектебінде 2024-2025 оқу жылында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жоспары бойынша
18 ақпанда 2025 жылы мектепте “Логикалық ойлауды үйрету” тақырыбында ата-аналарға арналған арнайы сабақ өткізілді.
Мақсаты: ата-аналардың бастауыш мектеп жасындағы баланың логикалық ойлауын дамытуға дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- ата-аналардыңбаланың логикалық ойлауын дамытуға деген ұмтылысын дамыту;
2.ата-аналарды баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі аспектілерімен таныстыру;
3.ата-аналардың баланың логикалық ойлауындамытудың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал ету.
Тұлғаның ұлттық құндылықтары мен қасиеттері: әділеттілік пен жауапкершілік, жасампаздық пен жаңашылдық, ізгі ниет, қарым-қатынас дағдылары, ынтымақтастыққа дайын болу, мейірімділік.
Сабақ кіріспе бөлімінен басталды .
Ата-аналарға мақсат, міндеттерімен педагог таныстырып шықты, «логикалық ойлау» деген не және балаларды логикалық ойлауға үйрету неге маңызды екендігі туралы.
Мұғалім сабақты қазақтың ұлы ағартушысы, ұстаз, жазушы, қоғам қайраткері, алғашқы қазақ оқулықтарының авторы, алғашқы бастауыш мектептің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің астарлы әңгімесінен бастады.
Бейнеролик көрсетті “Бақша ағаштары” содан соң бейнероликті ата-аналармен бірге талқылау жұмысын жүргізді.
Ата-аналарға логикалық есептер, тапсырмалар орындауға берілді.
«Артық зат» ойыны.
Адам үстелде жатқан әртүрлі заттарды көруге шақырылды. Әрі қарай, оның көзін байлап, үстелге 1 немесе 2 жаңа зат қосады. Ата-ананың міндеті – бұл заттың не екенін табу.
«Суреттегі үшбұрыштарды сана» тапсырмасы
Үшбұрыштардың санын санау үшін, сурет ұсынылды.
Шешім бойынша ата-аналардың жауаптары мен түсініктемелері тыңдалды.
Педагог: Логикалық ойлауы дамыған бала құрдастарының арасында тиімді ерекшеленеді – оған оқу, мектеп және тұрмыстық мәселелерді шешу оңайырақ болатының ата аналарға түсіндіріп кенес берді.
Қорытынды бөлім
Сабақ бойынша қорытындылар. «Практикалық кеңестер» чек-парағы таратылды,
Педагог: - Баланы логикалық ойлауға үйрету үшін не істеу керек?
- Баланыңлогикасы мен ойлауын дамытумен үйде айналысу.
- Ойлаудың әртүрлі түрлерін жаттықтыру.
- Ауызшаойындар ойнау (ассоциация ойындары, ИЯ-ЖОҚ-тар, сенемін-сенбеймін және т.б.).
- Отбасындаүстелойындарын ойнау.
- Жұмбақтарды,ребустарды, бас қатырғыштарды шешуге деген қызығушылықты ояту.
Рефлексия
Ата-аналарға сабақта алынған ақпаратты қызыл, көк, жасыл түстерімен б бағалау ұсынылады.
жасылтүс – «сабақта алынған ақпаратты пайдалы деп санаймын»;
көк түс – «сабақта алынған ақпаратты пайдалы емес деп санаймын»;
Қызыл түс- “сабақ қызықты болмады маған”